Quantcast
Channel: Информатика - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 273

Мәліметтерді сүзгілеу. Қорытынды, қайталау.

$
0
0

Пән аты:   Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:    Мәліметтерді сүзгілеу

                                             Қорытынды, қайталау.

Сабақтың мақсаты:  

Білімділік:    Деректер базасын өңдеу, деректер базасын сұрыптау, деректерді сұрыптау, есеп беруді баспаға шығару туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелік:                   Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін                                       дамыту  пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:    Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау  баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:  компьютер, оқулық,  тақта.

 

Сабақтың өту барысы:

І.   Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәліметтерді сүзу

            Кез келген мәліметтер базасымен негізгі жұмыс істеу дегеніміз – белгілі бір ақпараттарды іздеу болып табылады. Мәліметтер базасы ұлғайған сайын іздеу қиындайды. Excel осындай қиындықты мәліметтерді сүзу арқылы қарапайым түрге келтіреді.

            Сүзу (Фильтрация) – мәліметтерді тез тауып, олармен және тізім бойынша жұмыс істеу әдісі.

            Тізімді сүзе отырып, таңдау шарттарын қанағаттандыратын жолдарды ғана белгілеуге болады.

Microsoft Excel-де сүзудің екі түрі бар:  автосүзгі және кеңейтілген сүзгі.  Сүзудің  қарапайым шарттары үшін көп жағдайда автосүзгі жабдықтары жеткілікті болады.

            Тізімді автосүзгі көмегімен сүзу.  Тізімді  автосүзгі көмегімен сүзу үшін:

  • сүзу тізіміндегі ұяшықты белгілеңіз;
  • мәліметтер менюіндегі Сүзгі (Фильтр) бөлімін таңдап, Автосүзгі (автофильтр) бұйрығын орындаңыз.
  • сүзуді қажет ететін мәліметтері бар қатардың батырмасын басыңыз;
  • қажет мәнді таңдаңыз:  (Барлығы. Алғашқы 10...)

Тізімді екі немесе одан да көп мазмұн  бойынша сүзу үшін Шарт (Условие...)  жолын таңдаңыз.

Автосүзгіні баптау. Төменде келтірілген әдісте тізімнің бір немесе екі шартқа байланысты сүзуі орындалады. Автосүзгіні қолдану  үшін тізім  қатарының тақырыбы болу шарт.

            Бірінші шартты орындау үшін салыстыру операторын немесе салыстыру мазмұнын таңдау қажет.

            Екінші  шартты орындау үшін ауыстырғышты «ЖӘНЕ» немесе «НЕМЕСЕ» қалпына қойып, салыстыру операторы және салыстыру мазмұны таңдалады.

            Автоөшіру үшін Мәліметтер (Данные) менюінен Сүзгі–Автосүзгі (Фильтр-Автофильтр)  командасын таңдау керек. Сол кезде сүзу тоқтатылып, тізім суретке дейінгі қалпына келеді.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Мәліметтерді сүзу не үшін керек?
  2. Данные - форма командасын қолданғанда қандай амалдар орындалады?
  3. Үйге тапсырма беру: Мәліметтерді сүзгілеу. Қорытынды, қайталау

 

ҮІ. Оқушыларды бағалау.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 273

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>