Quantcast
Channel: Информатика - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 273

Мәліметтерді реттеу

$
0
0

Пән аты:   Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:    Мәліметтерді  реттеу

Сабақтың мақсаты:   EXCEL   кестелік процессорында мәліметтер базасымен жұмыс істеу, EXCEL-дегі мәліметтер  базасы. EXCEL-дегі мәліметтерді реттеу туралы түсінік қалыптастыру;

Білімділік:    EXCEL кестелік процессорында дерек базасымен жұмыс істеу, EXCEL-дегі дерек базасы EXCEL-дің мәліметтер базасын өңдеу мүмкіндіктері, мәліметтерді реттеу туралы  білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелік:  Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін

                                       дамыту  пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау  баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:  компьютер, оқулық,  тақта.

 

Сабақтың өту барысы:

І.   Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәліметтерді реттеу

            Мәліметтерді реттеу кез келген  кестенің негізгі амалы болып табылады. EXCEL-де кез келген өзгерту және толықтырудан кейін қажет болған жағдайда мәліметтерді реттеу әрекеті қарастырылған. EXCEL-де бір немесе бірнеше өрістерді реттеуге болады. Мәліметтер базасындағы жазуларды EXCEL –дің дұрыс реттестіруі үшін қай өрісте жаңа жазу болатынын көрсету қажет.   (Мұндай өрістерді ретеу кілті деп атайды).

            Мәліметтерді реттеу үшін:

  • кестенің бір ұяшығын белгілеу;
  • Мәліметтер – Реттеу (Данные-Сортировка) командасын орындау;
  • Пайда болған диалогтік терезеде реттеудің шамаларын таңдау керек.

Реттеуі бойынша (Сортировать по) өрісінің тізімінен,  мәліметтері реттелінетін өріс және реттеудің типі таңдалынады:

По возрастанию – сандар өсуі бойынша, ал мәтін алфавит бойынша реттеледі;

По убыванию – кері реттеледі;

Затем по  өрісінің тізімінде мәліметтері реттелетін және бірдей мәндері бар өріс таңдалынады;

Қосымша реттеу Реттеу параметрі (Параметры сортировки) батырмасында  тышқанды шерту арқылы қойылады;

Регистрді ескеру (Учитывать регистр) жалаушасы бас әріп және кіші әріптерді реттеу кезінде қолданылады.

 Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Microsoft Excel кестелік процессоры дерек базаларымен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді?
  2. Excel-дегі мәліметтер базасында реттеу қалай орындалады?
  3. Үйге тапсырма беру: Мәліметтерді  реттеу
  4. Оқушыларды бағалау.

Viewing all articles
Browse latest Browse all 273

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>