Ерлан Сағадиев Биылғы оқу жылынан бастап информатика пәні 3-сыныптан бастап оқытылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты. Дереккөз: Inform.kz
Білім және ғылым министрінің сөзіне сүйенсек, информатика пәні 2017 жылы 7-сыныптан, 2014 жылы 5-сыныптан басталған. Осы оқу жылынан бастап 3 сыныптан басталады. Оған себеп – Үкіметтің кеңейтілген отырысында білімді цифрландыру бойынша берілген тапсырмалар.
“Үкіметтің 2018 жылға арналған жоспарында министрлікке 27 іс-шара жүктелген. Оның ішінде 13 пунктті орындаушы – Білім және ғылым министрлігі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған міндеттері ескере отырып, жоспарға білімді цифрландыру бойынша өзгерістер енгізілді”,- дейді министр.
Министр осы жылдан бастап Павлодар мен Шымкент қалаларында 100 пайыздық қағазсыз есеп беру жүйесі бойынша пилоттық жоба басталатынын айтты. Жоба тиімділігін көрсетсе, аталған жүйе барлық қалаларға енгізіледі.