И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық
колледжінің оқытушысы Жалдыбаева Алмагүл Асанқызы
Орта білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамытудың негізгі субъектісі – информатика оқытушы. Сондықтан информатика оқытушынен шығармашылық ізденіс және шеберлілік талап етеді. Қазіргі мектепте шыармашылық ізденіс қабілеті дамыған, мамандық шеберлігі қалыптасқан информатика оқытушы қажет. Ол бір уақытта педагог, психолог және оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай, білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру үрдісі мен мұғалімнің дайындық деңгейіне және кәсіби шеберлігіне үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзінді білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан информатика мұғалімдерін мамандыққа баулу курстарын оқыту мазмұны бойынша білімдерін көтеру қажеттілігі туындады. Педагог мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлауда сабақтастық жүйесін қолданған тиімді. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Аталған жүйе барысында тындаушыларды саралау және даралау принципттері негізіне алынады. Педагог мамандардың ақпараттық дайындығын жүзеге асыру барысында мына ерекшеліктер ескеріледі:
Біріншіден, оқу танымдық қызмет танымдық байлықтарымен қамтамассыз етілген, қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үрдістерді және заңдылықтарды аша білетін үрдістерді дәне заңдылықтарды аша білетін үрдіс ретінде қарастырылады.
Екіншіден, оқу үрдісн ұйымдастыру - жеделдетілген оқытуды ұсынады (80%) жыне ол тыңдаушылардың дайындық деңгейін негізге алу арқылы даралау қағидасына бағытталады. Курстың барлық бағдарламаларының мазмұны модульге бөлініп берілген. Тыңдаушы модульге берілген бөлімдер ішінен өзіне қажетті материалды таңдай алады. Өзіндік, топтық және аралас сияқты оқыту тәсілдері арқылы оқу үрдісі ұйымдастырылады.
Үшіншіден,жаңа ақпараттық технологияны меңгеру барысында, компьютермен байланыс жасауға мүмкіндік беретінмультимедиялық үйрету бағдарламаларын қолданған тиімді. Ол бағдарламалар көмегімен тыңдаушы компьютермен жұмыс жасап қоймай,сонымен бірге өз білімдерін тексеретін тесттен өтуге және өткен материалдарды қайталай алады. Сонымен бірге өзіндік сабақтарды ізгілікті түрде жоспарлауға мүмкіндік береді.
Педагог мамандарды дайндықтан өткізудің қамтамасыз ететін келесі міндеттер анықталады:
- Барлық мектепттердің информатика мұғалімдерін толығымен дайындық курстарынан өткізу;
- Білім беру мекемелерінің типтерімен мұғалімдердің мамандық шеберлігін анықтау арқылы тыңдаушыларды саралау;
- Курсты модульдық тұрғыдан ұйымдастыру, білім беру траекторияларын құру мүмкіндігі, курстың нәтижесін анықтайтын тыңдаушылардың шығармашылық жұмыстарды қорғауды енгізу.
Жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша педагогмамандарды дайындықтан өткізу мына кезеңдерге бөлінеді:
- Бастапқы – « ақпараттық технология негіздері »
- Базалық курс. Ал базалық курс мына бөліктерге бөлінеді: әрбір тыңдаушы үшін теориялық материалдыр жүйеленген, деңгейлік өзіндік жұмыс жасау тапсырмасынан құралған лабараториялық – практикалық жұмыстар жасақталған;
- Тереңдетілген. Бұл кезеңде мұғалімдерді шығарамашылқпен жұмыс жасауға баулыйтындай тақырыптар таңдап алынуы керек. Мысалы, электрондық оқулықтарды жасау тенологиясы, оқушыларды олимпиадаға дайындау және ғылыми жоба жұмыстарын жасақтау технологиясы, оқу әдістемелік кешендерді жасақтауға қойылатын дидактикалық талаптар және т.б.
Курс қорытындысы бойынша, тыңдаушылардың білім сапасын анықтайтын компьютерлік тест жүргізілуі қажет. Ол курстың басында және соңында кезеңдеріне сәйкес дайындалуы керек, яғни курска келген тыңдаушының қандай біліммен келгнін анықтайтын сұрақтар дайындалып, соған сәйкес жоспарланған курстың мазмұны тыңдаушы деңгеіне сәйкес анықталса, ал курс соңында оның қандай біліммен қаруланып кеткенін айқындайтын сұрақтар дайындалып, тест жүргізіледі. Бұл жүйе курстың сапасын анықтайды және информатика мұғалімдерінің материалды сапалы түрде меңгергенін анықтайды. Ал амамн емес, информатика мұғалімдерін дайындау – ол үлкен қиындықкелтіреді. Әрбір кезеңнен өткен сайын тыңдаушылардың дайындық сапасы тест арқылы тексеріліп отырылады. Тест қорытындысы бойынша, мұндай мамандардың 3 кезеңнен жүйелі түрде толық түрде талап етіледі. Бұл категорияда,ы мұғалімдер үшін арнайы және проблемалық курстардың өткізілуіде артықшылық етпейді.
Жоғарыда айтып өткендей, информатика мұғалімдері пән бойынша өткізілетін курстармен шектеліп қалмауы қажет. Курс бағдарламасының мазмұнына жалпы білім беру саласындағы мәселелер, психологиялы – педагогикалық бөлімдер және жаңа педагогикалық технологияларды информатиканы оқытуға пайдалану бөлімдері енгізілуі керек. Базлық курстардан басқа мұғалімдердің сұранысы мен қажеттілігіне байланысты проблемалық курстарды да ұйымдастырылған тиімді. Әсіресе, информатика мұғалімдерінің басым көпшілігі мына тақырыпарды үйренген тиімді деп есептейді: «turbo Pascal,ортасында программалау» «Visual Basic ортасында программалау» « информатикадан оқушыларды олимпиадаға дайндау» «компьютерлік сыныптағы қазіргі сабақтар» « деректер қорын басқару жүйелері» «инетернет технология және Web-сайтты құру технологиясы».
Информатика мұғалімдерін курстан өткізумен ғана шектелмеу керек. Әрі қарай олардың мамандық деңгейін шыңдау бағытыда түрлі ғылыми – әдістемелік бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Атап айтқанда, информатиканы оқытудың келелі мәселелері төңірегінде ғылыми – тәжірибелік семинарлар, не ғылыми практикалық – конференциялар ұйымдастыру арқылы мұғалідердің ғылыми – ізденіс бағытындағы жасалынатын жұмыстарын жетілдіру керек. Сонымен бірге педогогикалық оқуларға қатысып, өз тәжірибелерін ғылыми түрде негіздеп, қатысу мұғалімдердіңтғылыми шығармашылығын жетілдіре түсері хақ.
Білім беруді ақпараттандыру бағытында педогог мамандарды дайындауды жетілдіру арқылы біз мына мәселелерді анықтаймыз:
- Оқушылардың жеке тұлғасын дамыту мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру бағытында педагог мамандарды жаңа ақпараттық – педогогикалық технологияларды өз қызметтеріне пайдалану курстарынан өткізу.
- Қашықтан оқу тенологиясын ұйымдастыру және оған қажетті мультимедиялық оқу әдістемелік және программалық кешендерді жасақтау.
- Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны енгізуде педагог мамандардың іс-тәжірибесін жинақтап, ақпараттық деректер қоын толтыру.
- Қолданбалы программалық құралдар кешенін жасақтап, деректер қорын толтыру және оны білім беру қызметкерлерінің барлық категорияларын оқыту кезінде практика кезінде пайдалану.
Нақтылап айтсақ, информатиканы оқытудың сапасы – мұғалімнің білім деңгейімен өлшенеді. Олай болса, информатика мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, ақпараттандыру жағдайында информатика пәнін кәсіби бағытта даярлау – бүгінгі күннің негізгі талаптарының біріне айналып отыр. Ал бұл талапты орындау үшін ең алдымен, мамандарды компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін жан – жақты пайдалану бойынша біліктіліктерін көтері қажет. Аталған қажеттілікті шешу үшін біз ең алдымен, мамандық құзырлылықтарын мына бағыт бойынша жіктеуге болады:
- Іргелі ақпараттық – технологиялылық құзырлылық;
- Базалық ақпараттық – технолгиялық құзырлылық:
- Арнайы ақпараттық – тенологиялвқ құзырлылық;
Енді әрқайсысына жеке – жеке тоқталайық:
Іргелі ақпараттық-технологиялық құзырлылық – бұл дәстүрдің қолданушылық міндеттерді өз мамандық деңгейлеріне сәйкес шешуге мүмкіндік беретін білім мен біліктіліктерді және дағдыны қалыптастыру.
Негізгі міндеттер:
- Жалпы компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру;
- Құжаттарды теріп, форматтау және оны редакторлеу;
- Бақылау жұмыстарын компьютерлік тест арқылы жүргізу және оны талдай білу;
- Деректер қорында және интернет – технологияда ақпараттарды іздей білу;
- Түрлі графиктік ақпараттарды өңдеп, тұрғыза білу;
- Компьютерлік тенологияның мүмкіндіктерін дидикатикалық материалдарды жасақтауға қолдана білу;
- Басқа пәндердің оқытылуына дамытушы компьютерлік ойындарды және үйрету мен жаттығу программаларын қолданып, талдау жасай білу және т.б.
Базалық ақпараттық-технологиялық құзырлық. Оның мазмұны мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық тенологияның мүмкіндіктерін өз қызметтеріне жан - жақты пайдалана білумен анықталады. Төменгі кестеде осы бағытта мұғалімдерді даярлаудың мақсаты мен сәйкес міндеттері келтірілген.
Арнайы ақпараттық – тенологиялық құзырлық. Бұл «информатика және ақпараттық технология» пәнін берудің әдістемелік мәселелірін шешумен анықталады. Аталған бағыт мына кескінді сызуға мүмкіндік береді: