Quantcast
Channel: Информатика - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 273

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру

$
0
0

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің

арнайы пән оқытушысы Жалдыбаева Алмагүл Асанқызы

  

            Информатикада электрондық ресурстар оқытушылар мен студенттерге телекоммуникация құралдарында жарияланған нақты педагогикалық ақпараттарды қолдануға мүмкіндік беретін телекоммуникациялық желілерде немесе локальды жүйеде орнатылуы мүмкін. Екі жағдайда да зерттелетін ақпараттық құралдарды жоғары кәсіби білім беру орындарында информатика мамандарын дайындаудың әдістемелік нұсқаулары бойынша сипатталатын құралдар ретінде қарастыруға болады. Бұндай ақпараттық құралдарды қолдану үшін алдын-ала электрондық ресурстардан қажетті ақпаратты таңдауды және студенттерге информатиканы оқытуда олардың қолдану әдістерін біліп алуы керек. Оқытушы электрондық ресурстарды лекция конспектілерін, лабораториялық және практикалық жұмыстарды, тест және бақылау тапсырмаларын, оқудан тыс жиындар бағдарламаларын және т.с.с. дайындауда қолдана алады.

            Жоғары оқу орындары студенттерінің телекоммуникациялық желілердегі мағыналы ақпараттарды пайдалануының келесідегідей сипаттамалық ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:

  • мүмкіншілігі (электрондық ресурстарға кез-келген компьютерден қол жеткізуге болады, бұл әдіс әрбір оқытушылар үшін де, студенттер үшін де тиімді);
  • жан-жақтылығы (ақпаратты берудің гипермәтіндік жүйесі, сонымен бірге электрондық телекоммуникациялық басылымдардағы, сайттар мен порталдардағы ресурстар интеграциялылығы студенттерге информатика курстарын оқып үйренуге, өз мамандықтарын игеруде білімдерін тереңдетіп және кеңірек білуге мүмкіндік береді);
  • берілген материалдың визуалды тиімділігі (электрондық ресурстарды құруда қолданылатын мультимедиа-технологиялар көмегімен оқу материалдарына иллюстрация, анимация, жоғары оқу орындарында қолданылатын ғылыми оқу-зерттеу нәтижелерін құрастыруға болады);
  • интерактивтілігі (электронды ресурстар жұмыстарында қолданылатын ақпараттық қарым-қатынастардың интерактивті формалары студенттерге ақпарат іздеу шарттарын таңдауға, өздерінің болашақтағы кәсіби қызметтеріне қажетті оқу ақпараттарын жүктеуге және іріктеп алуға мүмкіндік береді).

Оқу процесінде электрондық ресурстарды пайдалану (сонымен бірге телекоммуникация желілері ресурстары) информатиканы оқытуда, негізгі ақпаратты іздеуде жоғары оқу орындары студенттерінің біліктілігін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты оқытушылар студенттердің өзіндік жұмыстарында және кеңес беру процесінде электрондық ресурстарды қолданудың қосымша әдістерін пайдаланулары керек.

Оқу қызметтерінде бұндай әдістемелік нұсқаулар информатика курсының тақырыптық бөлімдерінің мазмұны мен құрылымының негізгі түсініктерін қалыптастыратын арнайы алгоритмдер мен жеке ақпараттандыру құралдарын толықтыру немесе телекоммуникация желілерінің электрондық ресурстарын көруге болатындығын қарастырады.

Бұл әдістемелік нұсқаулар телекоммуникация желілері ресурстарының адрестерін білуді және электрондық ресурстарды қолдануды білетіндігін талап ететін жаңадан бастаушыларға ұсынылады. Оқу қызметінің бұл түрінің кемшілігі ретінде информатиканы игеруде студенттердің көңілін бөлетін нақты оқу тапсырмаларын шешу жағынан алғанда ақпараттың жеткіліксіздігін айтуға болады. Бір жағынан алғанда электрондық ресурстарды пайдалану қосымшадан негізгіні ажыратуды талап етеді және мақсатқа жетуге тәрбиелейді.

Информатиканы оқытуда телекоммуникациялық жобалардың электрондық ресурстармен өзара қарым-қатынасы барлық сатыдағы ақпараттандыру құралдарының өзгешелігі мен кәсіби білім беру формалары студенттер тобын, оқытушыларды, жоғары оқу орындары әкімшіліктерін, қоғамды электрондық ресурстарды қолданып оқытуда өзара қарым-қатынас жасаудың фундаменті болуы тиіс.

Информатикадағы оқу жобаларында электрондық ресурстарды қолданудың бірнеше әдістемелік түрлерін классификациялауға, сипаттауға және бөліп көрсетуге болады. Бұл жобаларда білімді ақпараттандырудың арнайы таңдалған құралдарын қолдануға негізделген жоғары оқу орындарында информатиканы оқытудың әдістемелік нұсқаулары келтірілген.

Ақпараттық жоба әдісі болашақ мамандардың электрондық ресурстарда көрсетілген ақпараттарды тұйықталған қысқа тақырыптарда ақпарат жинаумен іске асыруға негізделеді. Бұл әдісте студент те, оқытуша да информатика саласындағы білімін жетілдіруде өзіндік білім алуымен шектеледі.

Информатикада тәжірибелік жобаның әдістемесінде жоғары оқу орны студенттерінің біліктілігі тек теориялық оқумен шектеліп қана қоймай, оны тәжірибе жүзінде қолдану түрлері келтіріледі. Мұндай жобаның мақсатына бағдарламалық қамтамасыз етуге қажетті инсталляция, табылған ақпараттық ресурстардың сапалық бағасы, білім саласында да, кәсіби салада да керекті электрондық ресурстарды қолданудың практикалық нұсқауларын жасау және т.б. жатады. Бұл әдісті қолданудың нәтижесінде практикалық оқу құралы немесе болашақ бітірушілердің кәсіби мамандану бағытын кеңейтетін әдістемелік нұсқаулар құрастыруға болады.

Ойын жобаларында студенттер қызметінің құрылымы жоба аяқталғанша ашық болады. Қатысушылар жобаның мазмұны мен сипаттамасына негізделген нақты рөлдерді қабылдайды. Бұл рөлдерде әлеуметтік немесе іскерлік қатынастағы қатысушылардың ойынан алынған ақпаратқа немесе ақпараттық технологияларға қатысты адамдар болуы мүмкін. Электрондық ресурстарды қолдану арқылы алынған мұндай жобалардың нәтижелері болашақ бакалаврлар мен магистрлардың кәсіби білімінің түрі мен деңгейіне қарамай-ақ, шығармашылық дәрежесінің максималдылығына әкеліп соқтырады.

Информатикада зерттеу жобасының  әдісін жүргізу студент қызметінің өзіндік қалыптасуына және олардың өңдеу, жинау, алынған нәтижелерін талдау жұмыстарының өзектілігіне негізделген. Электрондық ресурстарды қолданып бұндай жоба әдісін ұйымдастырудың қасиеттілігі нақты мақсатқа, жобаның нақтылығына, оның әлеуметтік немесе кәсіби мағыналылығында болып отыр.

Информатикада электрондық ресурстарды қолданып жобалық тапсырмаларды орындау мынадай нәтижелер береді:

  • кәсіби және зерттеу қызметтерінде ақпараттық құралдар және телекоммуникациялық технологиялар қолдану арқылы жоғары оқу орындары студенттерінің қарым-қатынасын жоғарлату;
  • студенттердің информатика саласындағы базалық білім жүйесін түрлендіру, оларды келешекте толықтыру және дамыту;
  • жұмысты жобалауда керекті жаңа білімнің қажеттілігін сезіну мен тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • студенттер қызметінің, әсіресе зерттеу жұмыстарын орындауда активтілігін арттыру;
  • жобалық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін шығармашылық қасиетін дамыту;
  • жаңа білім алу мен оларды қолдану аймағында кеңінен пайдалануға тәрбиелеу.

Зерттеу жұмысы кезінде телекоммуникацияны пайдала отырып, студент информатика оқытушысының көмегімен қажетті мәселемен жұмыс істеп отырған кәсіби мамандармен байланыса алады. Өз жұмысының ақпараттық құралдарының ресурстарын, жобалық қызметінің нәтижелерін, телекоммуникация сайттарын жібере алады, сонымен бірге жұмысты орындау әдісімен ақпарат алмаса алады. Бұл жағдайда жоғары оқу орнының оқытушылары қолданылатын электрондық ресурстармен жұмыс істеп қана қоймай, жобаға байланысты қажетті адамдарды іздестіріп, олармен студенттердің өзара жұмыстарын ұйымдастырып және жоспарлап, алынған біріккен нәтижелерді дайындай білу керек.

Информатикада электрондық ресурстарды қолдануды енгізудің келесі бір мүмкін болатын әдістемелік қадамы  бұл - мамандандырылған электронды семинар өткізу. Мағыналы ақпараттық көлем алатын лекциялар сияқты, бұл семинарда информатиканың дәстүрлі семинарларындағы көлемдік мағына сипат алады. Семинардың тақырыптық блоктарының саны тақырыптық жоспарда қарастырылған санымен тең болу керек. Электрондық семинардың әрбір блогының өзінің құрылымы бар. Бұл құрылымда семинардың тақырыбының негізгі компоненттері, информатика курсының қарастырылатын оқу сұрақтары және қолданылатын әдебиеттер тізімі болады.

Электрондық ресурстарды қолданатын информатика оқытушысының жұмысы информатика курсының тақырыптық блоктарына сәйкес келетін студент жұмысының нәтижесінің талдауымен басталады. Келесі кезеңде оқытушы электрондық лекциялар мен семинарларда тыңдалған тақырып блоктары мен бөлімдерінің оқу материалдарының мазмұнын әрбір студенттің қандай дәрежеде меңгергенін анықтау керек. Осыдан барып педагогикалық бақылау мен өлшемді қамтамасыз ететін, электрондық ресурстармен жұмыс істеуге дайындайтын әрбір студентке жеке тапсырмалар өңдеп, оқытушы студентпен тығыз байланыс орнатуы мүмкін.

Нақты электрондық ресурстармен жұмыс істеуге студенттің дайындылық дәрежесіне байланысты оқытушы информатика бойынша практикалық сабақ жүргізудің әдістемесін құрастырады: семинар, ойындар, тренингтер және т.б.

Информатика оқытушысы электрондық ресурстарды қолдана отырып барлығымен жұмыс істеу барысында кәсіби бағыттағы мамандарды даярлауда жоғары оқу орындарындағы оқу жоспарына сәйкес жоспарланған оқу бағдарламасы бойынша зерттелген тақырыптардың нәтижелерін студенттермен үнемі талқылап отыруы тиіс.

 

 

Әдебиеттер.

  1. Абдраимов Д.И. Особенности описания и классификации образовательных электронных ресурсов. // ТарГУ, «Инженерлік және ғылыми кадрлар дайындауды жетілдірудің инновациялық технологиялары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. Тараз – 2005.
  2. Бидайбеков Е.Ы., Григорьев С.Г., Гриншкун В.В. Информационное интегрирование и анализ образовательной области в разработке электронных средств обучения. // Монография. / Алма-Ата: Министерство образования и науки Республики Казахстан, АГУ им. Абая. – 2002, 100 с.
  3. Григорьев С.Г., Гриншкун В.В., Краснова Г.А., Роберт И.В., Демкин В.П., Макаров С.И. Разработка концепции образовательных электронных изданий и ресурсов. // В научно-методическом журнале «Открытое и дистанционное образование». / Томск: ТГУ, Ассоциация «Сибирский открытый университет», – 2002, №3 (7). С. 31-33.

        


Viewing all articles
Browse latest Browse all 273

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>