И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі
«Информатика және есептегіш техника» циклінің оқытушысы Ибрагимова Нургуль Бахитжановна
ТАҚЫРЫБЫ:
Жоғары оқу орнында практикалық сабақты өтудің мақсаты-пәнді тереңдетіп оқыту, студенттердің оқытушымен бірігіп теориялық білімін практикада қолдану дағдысын қалыптастыруға, олардың білімін тексеру үшін өткізіледі.
Пән мақсатына байланысты практикалық сабақта әр түрлі: рефераттар, баяндамалар, жаттықтырушы мысалдар, эксперименттер, семинар, лабораториялық жұмыстаржәне т.б. талқылау әдістері қолданылады. Практикалық сабақтарда уақыт үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау және аудиториямен кері байланыс жүргізу мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады. Сол режимдердің әр қайсысына тоқталайық.
Ақ тақта режимі- ең қарапайым режим, бұл режимді семинар сабақтарын жүргізгенде қолдануға болады. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу (сызу) үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, тарихтан, физика және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.
Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы болуы мүмкін. Практикалық сабақты жүргізуде қайталаудың рөлі ескеріледі. Қайталауды жүргізудің нұсқалары блиц – тестер, стандартты есептерді шығару екені белгілі. Практикалық сабақтың бұл бөлігін жүзеге асыру мақсатында сабаққа дайындық материалдарын жақсы даярлау қажет, ол үшін интерактивтік тақтаны қолдану мүмкіншіліктеріне тоқталамыз.
Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің «төртбұрыш» («овал») объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office-нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі-құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, оқытушы студентті тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, студенттің жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады («тік төртбұрыш» объектісін жылжыту немесе жою арқылы) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Үшінші режим– тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Семинар сабақтарын жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Объектідегі сілтеме белгісі арқылы белгіленеді.
Сабақтың бұл формасын өткізуде сол сияқты әр түрлі пәндерге арналған галерея қорларын пайдаланған тиімді. Қордан алынған материалдарды оқытушы өзіне ыңғайлап өзгерте алады. Қорлар екі топқа бөлінеді: статикалық және динамикалық. Динамикалық қорлар белгісімен белгіленеді және оны оқу процесіндегі ситуацияларды моделдеуде қолданған тиімді (білімді тексеруде, құбылыстарды түсіндіруде, таңдауда және т.б.).
Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған (есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты) және материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету.
Запись және Воспроизведение құралы дыбыс пен бірге интерактивті тақтадағы барлық жайларды түсіруге, яғни бейне файлдарын құруға мүмкіншілік береді. Ондай файлдар бейнедәрістер, бейнесеминарлар, бейнеге түсірілген проблемалық есептерді шешу әдістері болады.
Шешімінде мазмұнды әдістемелік қателіктері бар есептердің шешімдеріне арналған бейнематериал даярлауға болады. Типті қателіктер таңдалуы керек, яғни ол қателік көзге өте көрінбеуі керек. Студенттердің міндеті сабақ барысында қателерді тауып, дәптерлерінде белгілеп және сабақ соңында айту. Қателерді жөндеу жұмыстарын үй тапсырмасы ретінде беруге болады.
Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті тақтаны қолдану оқытушының жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті тақта оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл студенттің пәнге деген қызығушылығын арттырады. Ал жеке галерея жасау, ол оқытушының да сол сияқты студенттің де шығармашылық жұмыс жасауын жігерлендіреді. Қорытындылай келе интерактивті тақтаны орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.