7-сабақ
Сабақтың тақырыбы: № 1 бақылау жұмысы .
Сабақтың мақсаты:
- Бақылау жұмысын өткiзу арқылы оқушылардың бiлiмiн тексеру.
Әдiстемелiк нұсқаулар:
Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естiгендерiн жазып алады. Екi нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылар тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерiн жазып, қойғаны дұрыс.
1-тапсырма
1-нұсқа
Сандар жиынын жасыл қарындашпен қорша: 0, 1, 4, 5, 7.
Қалған таңбаларды қалай атауға болады? Жауабы: Сандар емес.
2-нұсқа
Сандар жиынын қызыл қарындашпен қорша: 0, 1, 10, 25, 40.
Қалған таңбаларды қалай атауға болады? Жауабы: Сандар емес
2-тапсырма.
“Емес” сөзінің көмегiмен қарама-қарсы қасиеттерді жазып шық:
1-нұсқа
Тәттi – тәттi емес.
Үздік – үздік емес.
Сүйкiмдi – сүйкiмдi емес.
Терең – терең емес.
Ақылды– ақылды емес.
Орнықты – орнықты емес.
2-нұсқа
Ащы – ащы емес.
Орташа – орташа емес.
Ынталы – ынталы емес.
Кең – кең емес.
Ақымақ – ақымақ емес.
Көңiлдi – көңiлдi емес.
3-тапсырма.
Төмендегі жазуды ақиқатқа айналдыр:
1-нұсқа
Екi қызыл шарға толықтырып сал.
2-нұсқа
Үш жасыл жалаушаға толықтырып сал..
4-тапсырма.
Өрнектердің қайсысы ақиқат, қайсысы жалған?
1-нұсқа
4<5 – ақиқат 2+3=5-1 - жалған
3+5=8 – ақиқат 4+3>6 - ақиқат
2-нұсқа
3<5 - ақиқат 4+4=7-2 - жалған
4+3=7 – ақиқат 7-2=8 - жалған
5-тапсырма.
Тұжырымдардың қайсысы ақиқат, қайсысы жалған екенін жаз:
1-нұсқа
Компьютер сыныбында:
Жүгiруге болады – жалған.
Тышқанмен ойнауға болады - ақиқат
Компьютерде жұмыс жасауға болады - ақиқат.
Сымды ұстауға болмайды - ақиқат.
Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда,
жолдан өтуге болмайды - жалған.
Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда,
жолдан өтуге болады - ақиқат.
Аптада 7 күн бар - ақиқат.
Сейсенбiден соң – бейсенбi - жалған.
Алматы Қазақстанның астанасы емес - ақиқат.
Астана – Қазақстанның бас қаласы - ақиқат.
2-нұсқа
Компьютер сыныбында:
Секiруге болады – жалған.
Компьютерде сурет салуға болады - ақиқат.
Су қолмен жұмыс жасауға болады - жалған
Монитор экранына жақын отыруға болмайды - ақиқат.
Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда,
жолдан өтуге болады - жалған.
Бағдаршамның қызыл көзi жанғанда,
жолдан өтуге болмайды - ақиқат.
Бiр жылда 12 ай бар - ақиқат.
Наурыздан соң – ақпан - жалған.
Алматы – Қазақстанның астанасы - жалған.
Астана – Қазақстанның бас қаласы емес - жалған
6-тапсырма.
Берілген жазуды жалғанға айналдыр:
1-нұсқа
Жалаушаларды түрлi қарындаштармен боя.
2-нұсқа
Шарларды түрлi қарындаштармен боя.
Сергiту сәтi