Тулешбаева Бибінұр Ерболатқызы. БҚО,
Ақжайық ауданы, Базартөбе ОЖББ
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ер Төстік ертегісі.
Мақсаты:
1. Білімділік: Ертегінің мазмұнын меңгеріп, әдеби талдау арқылы ертегінің көңіл толқытар тұстарын мәнерлеп, көріністер қойып, тыңдаушының жанын қозғап әңгімелеуге дағдыландыру, өзіндік пікір, сыни көзқарас қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорыту, оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
3. Тәрбиелік: Адал достыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке, батылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: интербелсенді тақта
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдер: интерактивті әдіс, сұрақ - жауап, баяндау
Күтетін нәтижем: Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме бере алу, өз ойын еркін айту, шығармашылықпен жұмыс істей алу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жаңа сабағымызды бастамас үшін әуелі 3 топқа бөлініп алайық.
1-топ: «Жебе»
2-топ: «Тұлпар»
3-топ: «Қоржын»
Зерттеулер.
Тарихи оқиға мен оның жырлану кезінің арасы неғұрлым жақын болған сайын, шығармада нақтылық көбейеді деген тұжырым, ал «Ер Төстік» ертегісі болса, осы нақты өмірлік суреттер мен деталдарға бай. Ер Төстіктің әке - шешесі аштыққа ұшырағанда күлдіреуіштен семіз биенің төстігінің табылуы... Төстіктің қайнаған құртқа шешесінің қолын күйдіріп, жұт жылы адасып кеткен ағалары туралы шындықты айтқызуы... Ағаларын іздеп барып, тауып әкелуі... Ерназардың жоғалған інгенді іздеуі... Сорқұдықтың басына баласы садағын ұштайтын егеудің тастап кетуі – бәрі - бәрі тұнып тұрған нақты суреттер, әсіресе Сыр бойының көріністерін көз алдыңа әкеледі. Ал бұл болса, ертегінің оқиғаның ізін ала шығарылғанының белгісі. (Жазушы Әнес Сараевтың «Жылан Бапы патшалығы» тарихи зерттеу мақаласынан) «Қазақ әдебиеті» газеті 1991 ж. 12 сәуір
«Ер Төстік» - ең ескі дәуірде шыққан бақташылық, тарихи дәуірден қалған әңгіме, ерлік жыры. Онда кездесетін жер аттары да сондай ескі, алғашқы қоғам дәуірін көз алдымызға келтіреді. Ертегіні талдап, қағазға түсірген – қытай тарихшысы Сыма Цянь. (Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр - аңыздар» атты еңбегінен)
«Ер Төстік» ертегісінен скиф әлеміне орын берген. Бір ғажабы – олардың жыланды кие тұтатындарын да, алғашқы пір тұтатындарын да, алғашқы пір тұтқан тәңірлерінің есімі Бапы (Бапай) екенін де ұмытпай, жадтарында берік сақтаған. (С. П. Толстов. Сақ әлемін зерттеуші - ғалым)
«Ер Төстік» ертегісінің жоспары:
- Кіріспе – Төстіктің өмірге келуі.
II. Байланыстар - Төстіктің ағаларын іздеп шығуы.
III. Шиеленіс - 9 ұлды үйлендіру. (Кенжекей жасауға не алды? Енші кімге беріледі?)
IV. Шарықтау шегі - Ерназардың Сорқұдықтың басына қонуы. Құба інген қандай шөпке бұйдасынан оралып қалды?
V. Шешуі - Төстіктің жер астына түсуі және еліне оралуы
Кейіпкерлер бейнесін топтастыру, әрбір топ өздеріне берілген кейіпкерге постер жасау.
Топтық жұмыс.
І топ Кейіпкерлерді өмірмен байланыстыр.
Саққұлақ кім? Көреген қазіргі өмірдегі не? Тыңшы – Көлтауысар –
ІІ топ Жүйріктерді ата
Тіл жүйрігі – (шешен)
Мал жүйріктері
Жылқы жүйрігі – (тұлпар)
Түйе жүйрігі – (желмая)
Қазіргі жүйріктер кімдер? (Ольга Шишигина)
Таусоғарлар бар ма? (Қажымұқан Мұңайтпасов)
XXX жазғы олимпиада чемпиондары зіл темір көтерушілер: Илья Ильин, Зульфия Чиншанло. Майя Манеза, т. б. оқушылар атап өтті.
ІІІ топ Жағымды кейіпкерлер Жағымсыз кейіпкерлерді тауып жаз
Жағымды кейіпкерлер ------------Жағымсыз кейіпкерлер
1. Ер Төстік -------------------------1. Перінің қызы Бекторы
2. Кенжекей -------------------------2. Мыстан
3. Ер Төстіктің достары ----------3. Темір хан
4. Бапы хан --------------------------4. Кеще хан
5. Күңке ------------------------------5. Шойынқұлақ
Өмірмен байланыс.
Саққұлақ кім? – радио, телефон.
Көреген қазіргі өмірдегі не? – ғаламтор, теледидар.
Тыңшы – сөзді тыңдауға арналған арнайы құрылғылар (диктафон)
Көлтауысар – өрт сөндіретін техника
Таусоғар – бульдозер, кран.
«Кім шапшаң?»
Мұнда оқушылар берілген ұяшықты таңдайды. Ұяшықта орналасқан кейіпкер туралы толық мағлұмат берсе ұпайын ала алады.
Қорытынды. «Ер Төстіктегі» Жылан Бапы патшалығы туралы хикая әрідегі оқиға екені мифтік нақыштар етек ала бастағанынан - ақ айқын танылып тұр. «Ер Төстік» ертегісі қалыптасқан кезде оның бір тарауына айналған. Сонымен, бұл ертегі батырлық эпостарымыздың қарлығашы, жаңа дәуірдің басында дүниеге келген ең ежелгі үлгілерінің бірі деп айтуымызға әбден негіз бар.
Бағалау: сабаққа қатысқан оқушыларды бағдаршам арқылы бағалаймын.
Үйге тапсырма. «Шынайы дос» (ойтолғау жазу)