Quantcast
Channel: Информатика - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 273

Кесте. Кестелер құру.

$
0
0

Алматы облысы Ұйғыр ауданы

«№4 Шонжы орта мектебі

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

мемлекеттік мекемесі

Информатика пәнінің мұғалімі

Нұргелдиева Самал Нұргелдіқызы

 

     

 6Ә сынып

 Сабақтың тақырыбы: Кесте. Кестелер құру.

 Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Оқушыларға кестелер және кестелер құруды, кестелердіредакциялауды  түсіндіру
  • Тәрбиелік: Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа,әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

 Сабақтың түрі: жаңа сабақ

 Сабақтың әдісі: аралас сабақ

Көрнекілігі: ДК, оқулық, презентация, топтамалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Түгендеу
  • Назарларын сабаққа аудару
  1. Үй тапсырмасын сұрау
  2. MS Word редакторын іске қосу жолы

Пуск – Все программы – Microsoft Office – Microsoft Word 

  1. Файл – Сохранить как.. (Сақтау)
  2. Мәтінді редакциялау деген не?

Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету

  1. MS Word-та абзац қай пернені басумен аяқталады?

<Enter> пернесі

5.Жаңа құжат құру командасы

Файл – Создать (Құру)

III. Жаңа сабақ

Кесте. Кестелер құру. Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер, т.б. заттар да орналасуы мүмкін.

Кесте құрудың үш әдісі бар:

1-әдіс.Мәзір жолы:Кесте Қою Кесте

2-әдіс. Стандартты тақтадағы кесте қою белгісі

3-әдіс. Мәзір жолы: Кесте Кесте сызу

 

1 әдіс. Мәзір жолы: Кесте Қою Кесте

Word мәтіндік редакторында кестелерді құру үшін:

Меню жолынан «Вставка» батырмасын басып, терезеден «Таблица» командасын шертеміз, қосалқы терезеден бағаны мен жолын сұхбаттасу терезесінен орындасақ экранда Вставка таблицы диологтік терезесі шығады. Число столбцов опциясының өрісіне кесте бағандарының саны енгізіледі. ОК батырмасын шертсек жеткілікті.

2-әдіс. Стандартты тақтадағы кесте қою белгісі

 

3-әдіс. Мәзір жолы: Кесте Кесте сызу

 

Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдына жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер.

Содан кейін Таблица → Добавить ячейки командасын орындаңдар. Добавление ячеек диалокты терезесінде жаңа ұяшық қосылғаннан кейін не істейтінін: жол, баған қосу, ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіндер. Дайын кестеге жеке ұяшықтарды қосу іс жұзінде қолданылмайды.

Ұяшықтарды біріктіру үшін: Біріктіру қажет ұяшықтарды белгілеп алып:

  • Контекстік менюден Объединить ячейки командасын орындаймыз.
  • Макет- Объединить ячейки

Ұяшықтарды бөліктерге бөлу үшін: Бөлу керек ұяшыққа маусты орналастырып:

  • Контекстік менюден Разбить ячейки командасын орындаймыз.

Қатар немесе бағандарды өшіру үшін: Өшіру керек қатар немесе бағанды белгілеп алып:

  • Конт менюден-Удалить строки немесе Удалить столбцы
  1. Практикалық жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар

1 деңгей  «Менің сабақ кестем»

  1. деңгей    «Менің күнделігім»
  2. Сергіту сәті

Жұмбақ шешу

Тұрады ол жолдармен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан
Кәне ойланып көрейік ол не екен?
Баған менен жолдарды қиылыстырған
                                                              Кесте     Таблица   Table
Кестенің бір негізгі элементі 
Көлденең ұяшық құру қызметі
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі

                                                                Жол   Строка   String

Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды,
Баған менен жолдардың қиылысы
Кестеде қай элементті құрайды?
                                                                     Ұяшық    Ячейка Cell

  1. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары
  2. Кесте дегеніміз не?

2.Ұяшық дегеніміз не?

3.Кестелер неден тұрады?

4.Баған, жол сөздерінің орысша, ағылшынша аудармасы?

  1.  Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. 
  2. Кестедегі сызықтар мен бояулар қалай жасалады?

VII. Қорытындылау.

Ал, балалар сонымен бүгінгі сабақты не білдік? Не үйрендік? Қане есімізге түсірейікші? Кім айтады?

VIII. Үйге тапсырма беру

  • Кестелер
  • Кесте толтыруға мәлімет дайындау.
  1. Білімдерін бағала

Viewing all articles
Browse latest Browse all 273

Trending Articles