Quantcast
Channel: Информатика - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 273

Құжат беттерін рәсімдеу және басу

$
0
0

Пән аты:   Информатика

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:   Құжат  беттерін рәсімдеу және басу

Сабақтың мақсаты: 

            Білімділік:  Excel -дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;

            Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

            Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:  практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:   компьютер, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау)

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Мәтін мен сан енгізудің қандай ерекшеліктері бар?
  2. Ұяшықтарға енгізілген деректерді тігінен орналастыру үшін не істейміз?
  3. Деректерді  сақтау және қорғау үшін қандай амалдар орындаймыз?
  4. Формула қандай символмен басталады?
  5. Автосумма деген не?
  6. Жұмыс кестесін автоматты түрде форматтау үшін қандай команда қолданамыз?
  7. Кесте шекараларын жиектеу үшін қай менюді қолданамыз?
  8. Кестені баспаға шығару жолдарын ата.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құжат  беттерін рәсімдеу және басу

Дайын құжатты принтерде басу электронды кесте жұмысының ең соңғы қадамы болып табылады. Егер кесте  үлкен болса, онда оны басуға жіберген кезде ол бағандар немесе жолдарға бөлініп қалған бірнеше беттен тұратын басылым болады.

Мұны болдырмау үшін электронды кестені басуға беруден бұрын мыналарды орындау қажет:

  1. Файл-Алдын ала көру (Файл-Предварительный просмотр) немесе стандарт аспатар тақтасындағы батырмасын шертіңіз. Алдын ала көру терезесіндегі кестенің парақта қалай басылып шығатынын көруге болады.
  2. Егер кестенің форматы ұнамаса, онда Файл-Беттің параметрлері (Файл-Параметры страницы) командасын таңдау керек.

            Бет (Страница) қосымшасында парақ бетінің өлшемін және қалпын, көріну масштабын  және баспа сапасын қойыңыз. Бағдар (Ориентация) қоршауында парақ бетінің қалпы қойылады:

            Книжная – парақ бетінің тік орналасуы;

            Альбомная – парақ бетінің көлденең орналасуы.

            Бет өрісін қою үшін Өріс қосымшасын таңдаңыз. Барлық тиісті шамалар қойылғасын, Беттің параметрлері терезесіндегі ОК батырмасын шерту керек.

            Сосын  кестені алдын ала тағы бір рет көріп, дұрыс болған жағдайда Файл-Қағазға басу (Файл-Печать) командасын таңдаңыз.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Excel және Word құжаттарын баспаға шығарудың айырмашылығы неде?
  2. Диаграмма деп нені атайды?
  3. Диаграмманың қандай түрлері бар?
  4. Excel диаграммасының негізгі түрлерін атаңыз.
  5. Excel диаграммасының құрылу ретін жазыңыз.
  6. Үйге тапсырма беру: Құжат беттерін рәсімдеу және басу
  7. Оқушыларды бағалау.

Viewing all articles
Browse latest Browse all 273

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>