6 cынып информатика
№1 сабақ
Сыныбы: _______ Күні:_____ Мұғалімі: ________________ Тексерген ________________
Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының
ережелері. Көз талғанда жасалатын жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін-өзі алып
жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс-әрекет
ережелерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта, жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:
- Оқушыларды ұйымдастыру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру
- Сабақты бекіту
- Үйге тапсырма
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пунктгерге бөлуге болады:
1.Жалпы
- ДК-де жұмысты бастау алдында
- Жұмыс істеу кезінде
- Авариялық жағдайларда
- Жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
- Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
- Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
- ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
- Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
- Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек. - Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.
- Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
- ДК электр тогына косылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдай-да екендігіне көз жеткізу керек.
- Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
- Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
- ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70cм) сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.
- Келушілер кіргенде окушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
- Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше
жаттығу орындау керек.
- Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
- Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
Апат жағдайлардағы кауіпсіздік талаптары:
- ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
- Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
- Қажет болса, электр тогымен закымданғандарға алғашкы көмек көрсете білу керек.
- Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
- Егер зақымданған адам электртогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
ДК-де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:
- Аппаратураны оқытушының нұүсқауымен өшіру керек.
- Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
- Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР
1-жаттығу
- Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмындар.
- Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашындар.
Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар.
2-жаттығу
- Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
- Көздерінді талдырмаңдар.
- Алысқа қадалып қарандар.
3-жаттығу
- Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалып қарандар.
4-жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, COЛFA қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалып қарандар.
5-жаттығу
- Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.
- Алысқа қадалып қараңдар.
6-жаттығу
- Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.
- Алысқа қадалып қараңдар.
7-жаттығу
- Көздерінді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.
Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау.