Quantcast
Channel: Информатика - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 273

Paint графиктік редакторы. Негізгі түсініктер. Іске қосу. Сурет салу кезеңдері.

$
0
0

Үздік ашық сабақ

Информатика

Сабақтың тақырыбы: Paint графиктік редакторы. Негізгі түсініктер. Іске қосу. Сурет салу кезеңдері.

Сабақтың мақсаты: а) Графикалық редактормен таныстыру.

Б) Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету.

В) Оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі баяндау, практикалық жұмыс жасату

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайд-шоу, оқулық-дәптер, үлестірмелі карточкалар

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Үй тапсырмасын тексеру(слайд-шоу, ашық тест)
  • Жаңа сабақты түсіндіру (слайд-шоу)
  • Түсінгенін бекіту (үлестірмелі карточкалар)
  • Практикалық жұмыс (компьютерде оқушылар отырып орындайды)
  • Түсінгенін тексеру(асыл тастар)
  • Үйге тапсырма беру
  • Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру(слайд-шоу, ашық тест)

1.Windows – дің негізгі  объектілеріне не жатады?

А) Бас меню, Басқару тақтасы, Менің компьютерім, Себет

Б) Қапшықтар, программалар, құжаттар, таңбашалар

В) Қапшықтар, Себет, Басқару тақтасы, программалар

  1. Windows–дің арнайы объектілеріне не жатады?

А) Бас меню, Басқару тақтасы, Менің компьютерім, Себет

Б) Қапшықтар, программалар, құжаттар, таңбашалар

В) Қапшықтар, Себет, Басқару тақтасы, программалар

  1. Иерархия дегеніміз не?

А) Аты бар бірқатар байттар тізбегі

Б) Компьютерде белгілі тәртіппен орналасатын қапшықтар

В)Программаны өңдейтін объект

4.Файл .txt кеңейтілуімен сақталған ол...

А. Мәтіндік  файл

Б. Командалық файл                                                                                                          

6

В. Блокнот қолданбасының құжаты

5.Корзинадағы  өшірілген  құжатты қалпына  келтіру үшін...

А.Файл-қалпына келтіру

Б.Файлды  тек жоюға  ғана  болады

В.Файл-Ашу-Қалпына келтіру

6.Қапшық терезесі менюіндегі объектіні жою үшін қандай команда орындау қажет?

А) Файл - Отправить

Б) Файл - Изменить

В) Файл  - Удалить

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру (слайд-шоу)

Компьютер графикалық кескіндерді салудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады. Графикалық кескіндермен жұмыс істейтін Windows қолданбаларын графиктік редакторлер деп атайды. Біз бүгін Paint графиктік редакторымен жұмыс жасауды үйреніп бастаймыз. Бұл программа әртүрлі суреттерді салуға, редакциялауға мүмкіндік береді.

Программаны іске қосу үшін келесі әрекеттерді орындаймыз:

Пуск-Программы-Стандартные- Paint. Командалар орындалған соң экранға Paint графиктік редакторының терезесі шығады.

Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түс таңдауға болады: негізгі-бұл түстер біз сурет салатын түс және қосымша – бұл фон түсі.

Мәзір жолындағы Файл, Правка, Вид, Рисунок, Палитра, Справка командаларының атқаратын қызметтері туралы оқушыларға түсінік беріледі.

IV.Түсінгенін бекіту (үлестірмелі карточкалар)

Оқушыларға графикалық редактордың құрал-саймандар тақтасының суреттері салынған үлестірмелі карточкалар беріледі, оқушылар атқаратын  қызметтерін  айту керек.

V.Практикалық жұмыс (компьютерде оқушылар отырып орындайды)

Оқушылар Paint графикалық редакторында суреттер салады.

VI.Түсінгенін тексеру(асыл тастар)                                                               7

1.Графикалық редактор не үшін қажет?

2.Paint графиктік редакорын қалай іске қосамыз?

3.Paint графиктік редакорының терезесінің негізгі элементтерін ата?

4.Сурет салу қандай кезеңдерден тұрады?

5.Сурет салу түсін қалай таңдауға болады?

6.Фон түсін қалай өзгертеміз?

7.Сурет салу тәсілі қандай?

8.Меню командалары  арқылы не жасауға болады?

VI І.Үйге тапсырма беру

Дәптерге өтілген тақырыпты конспектілеп жазып келу, сөзжұмбақ құрастыру.

      VI ІІ.Бағалау


Viewing all articles
Browse latest Browse all 273

Trending Articles