Quantcast
Channel: Информатика - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 273

Тапқыр достар сайысы

$
0
0

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Түркістан қаласы, №14 жалпы орта мектебі

Информатика пәнінің мұғалімі

Сарсенбаева Гулмира Муртовна

 

Пәні:   Информатика

Сынып:    5 «а» - 5 «б» сыныптары

Сабақ типі:  Қайталау

Түрі:   сайыс

Ойын мақсаты:

  • Оқушыларды ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
  • Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету;
  • Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;
  • Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.

 Білімділігі:       Информатика пәнінен алған білімдерін нақтылау.

Тәрбиелігі:   Информатика пәнін жақсы танып білуге, өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, жауапкершілікке, адамгершілік қасиеттерін шыңдауға баулу.

Дамытушылығы:  Информатика пәнінен алған білімдерін шыңдау, ой-өрісін кеңейту, байқағыштық, есте сақтау зеректік қабілеттерін дамыту.

Сабақтың құрал – жабдықтары:  компьютерлік слайдтар.                                              

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

  1. Сынып тазалығы
  2. Қатысу
  3. Сайысқа оқушылардың дайындығы

Сабақтың өзіне тән ерекшелігі:  «Тапқыр достар» сайысы бірнеше кезеңдерден тұрады.

Сабақта қолданылатын сайыс кезеңдері:   I  «Таныстыру»

                                                                          II «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

                                                                         III «Ойлан тап»

                                                                          IV «Сен білесің бе?»

                                                                          V  «Кім жылдам?»

                                                                          VI «Қолқа салу»

 

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Біздің информатика пәнінен «Тапқыр достар» сайысын тамашалаңыздар!

  «Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Бұл ойынға 2 топ қатысады.

1-топ Алғырлар

2-топ Ойшылдар

Бүгінгі топтық сайысымызға әділдік ететін әділ-қазылар алқасымен танысыңыздыр!

  1. _________________
  2. ___________________
  3. _________________________

І-кезең «Таныстыру»

Екі топ өздерін таныстырады. Берілетін ұпай 1-10 ұпай арасында.

«Шақырамыз келіңіздер жарысуға,

Күш, өнер, білімменен  алысуға.

Бар өнерді салыңыздар ортамызға,

Ал  қанекей шығыңыздар сайысуға.

Алғырлар мен ойшылдар

Бар өнерін алдарыңызға салады,

Кім білімді, кім оқыған болса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады» -

дей отырып, екі топты ортаға шақырамыз.

ІІ- кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

       Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен, - дей отырып сайысымыздың екінші  кезеңін бастаймыз.

 Дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді және жауап бере алмаған топ болса, онда оған қарсы топ, жауабын айтуға болады. Онда, ұпай саны дұрыс айтқан топқа беріледі.

 І-топтың сұрақтары:

  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? (Бит)
  2. 1 Кб неше байт бар? (1024 байт бар)
  3. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата? (Жүйелік блок, монитор, пернетақта)
  4. Ақпаратты қағазға шығаратын құрылғы? (Принтер)
  5. Ең алғашқы бағдарлама жасаушы кім? (Ада Лавлейс)
  6. Меңзердің оң жағындағы символды өшіретін перне? (Delete)
  7. Еуропалықтар есептеу құралын не деп атады? (Абак)
  8. Экран нүктелерін аралағыш? (Курсор)
  9. Программа арқылы басқарылатын, адам тәрізді іс-әрекет орындайтын машина? (Робот)
  10. Морзе әліппесі қандай таңбалардан тұрды? ( «.» нүкте және «-» сызықша)

 ІІ-топтың сұрақтары:

 Ақпараттың ең үлкен өлшем бірлігі? (Гигабайт)

  1. 1 байтта неше бит бар? (8 бит)
  2. Адамның көзі мен монитордың арақашықтығы қанша болу керек? (60-70 см)
  3. Әріптер мен сандарды енгізетін құрылғы? (Пернетақта)
  4. Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне? (BackSpace)
  5. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (Компьютер)
  6. Ең алғаш ЭЕМ қай жылы, қай жерде жасалған? (1946ж АҚШ)
  7. Қытайлықтар есептеу құралын қалай атаған? (Суанпан)
  8. ASCII коды қандай бөліктерден тұрады? (Стандартты және баламалы бөліктер)
  9. Ақпарат «informatio» сөзі латынның қандай ұғымын білдіреді? (түсіндіру, баяндау, мәлімет)

 ІІІ - кезең «Ойлан тап».

Экранда сурет жасырылған. Екі топ кез-келген бір санды ғана ашып жасырылған суретті табу керек. Дұрыс жауапқа 15 ұпай беріледі.

            IV-кезең «Сен білесің бе?». Экрандағы ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беру керек. Ұяшықтардағы сандар бойынша ұпай беріледі.

1.Сол жақтағы – 5: Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)

  1. Оң жақтағы – 5: Байт дегеніміз не? (8 биттен тұратын код)
  2. Төменгі сол жақтағы – 5: Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым? (информатика)
  3. Төменгі оң жақтағы – 5: Деректерде есепшоттың жасы қанша жылдар шамасында (2000 - 5000)
  4. Жоғарыдағы – 10: Компьютердің ішкі жадының қандай түрлері бар? (Тұрақты жадтайтын құрылғы, Жедел жадтайтын құрылғы)
  5. Төмендегі – 10: Компакт дискіні оқитын құрылғы? (CD-ROM)
  6. Сол жақтағы – 15: Дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасаған кім және қай жылы? (1642 жылы француз математигі Блез Паскаль)
  7. Оң жақтағы – 15: Аналитикалық машина жобасын жасаған кім және қай жылы? (1833 жылы Чарлз Бэббидж)  

 

V-кезең «Кім жылдам». «Информатика» сөзінде бар әріптерден басқа сөз құрастыру.  Бұл кезең әр сөзге 1 ұпаймен есептеледі. Берілетін уақыт – 3 мин.

Көрерменмен жұмыс.

VI-кезең «Қолқа салу».

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Дауыс беріңіз, білімді жас таланттарға.

дей отырып, әділ қазылар топтарға баға берсе. Топты бағалап  жеңімпаз топ жеңілген топқа қолқа салады. Жеңген топты «Мадақтама грамотасымен», белсенді қатысқан топқа «Ынталандыру грамоталарын» беріп марапаттаймыз.

Теректей тамырыңды жайып терең,

Жете бер жақсы күнге халықпенен.

Тулаған толқындардан тайсалмасын,

Ақпарат мұхитында алып кемең,

 

 - дей отырып бүгінгі сайыс сабағымызды аяқтаймыз.

            Ойынымызға келіп , қатысып , ортақтасып бірге көңіл көтергендеріңізге

мың  - мың рахмет!

 

 

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 273

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>