Бегенова Нұрзада Жұмасатқызы
Маңғыстау облысы Түпқараған
ауданы Форт-Шевченко қаласы
Баутин кенті Жалау Мыңбаев атындағы
мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушылар мәтін енгізу алдында, ерекшеленген бөлігі үшін, бүкіл
мәтін үшін әріпті, өлшемін таңдауды; абзац, бірінші жолдың
шегерімін түзетуді орнатуды, сызғышты, мәтінді тізім түрінде
рәсімдеуді үйренуі тиіс
Дамытушылық: Оқушылардың ақпараттық – технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сұрақ- жауап
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: ЕТ, оқулық, үлестірмелі карточкалар, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасып, келмеген оқушылардың себебін анықтау.
Оқушыларды 4 топқа бөлу:
І - топ «Мәтін» тобы, ІІ – топ «Пішім», ІІІ- топ «Қаріп», ІV – топ «Абзац»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Мәтіндік редактор дегеніміз не?
Мәтіндік редактордың көмегімен кез келген мәтінді оңай және тез құруға және безендіруге болады.
- Бас әріпті қалай енгіземіз? Shift пернесін басып тұрып енгіземіз.
- Бос орын қай кезде қойылады? Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.
- Enter пернесін қай кезде басуымыз керек? Enter пернесін абзацтың соңында басады.
- Мәтін элементтерін атаңдар. Мәтіннің негізгі элементтері: символ, сөз, жол, абзац, бет, мәтін.
- Дефис қалай қойылады? Дефис бос орынсыз қойылады
- Ұзын сызықша (тире) қай кезде қойылады? Ұзын сызықша алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады.
- Мәтіндік құжатты сақтау үшін Файл---- Сохранить как командасын орындаймыз.
|
|
|
|
ІІІ. Жаңа сабақ
Кітаппен жұмыс. Мәтінмен танысу.
І – топ - «Мәтін». Мәтін бөліктерін ерекшелеу тәсілдері.
ІІ – топ – «Пішім». Мәтінді пішімдеу. Қаріптер.
ІІІ – топ – «Қаріп». Мәтінді пішімдеу. Абзац. Түзеу.
IV – топ – «Абзац». Мәтінді пішімдеу. Шегіністер. Тізім.
- Бекіту тапсырмаларына практикалық жұмыс.
Компьютерде орындау.
№1
- Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
- Кел балалар оқылық,
Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық, өлеңін теріп, тақпақтың жолдарын қалың жазумен ауыстыр.
- Тақпақтың әр жолындағы бірінші сөздің түсін ауыстыр.
№2
- Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
- Кел балалар оқылық,
Оқығанды көңілге,Ықыласпен тоқылық, өлеңін теріп, тақпақтың жолдарын курсивті жазумен ауыстыр.
- Өлеңді сақтап, файлдың атын «Ы.Алтынсарин» деп сақта.
№3
- Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
- Ер қанаты - ат,
Сөз қанаты - хат.
Мақал – мәтелін теріп, тақпақтың жолдарын курсивті жазумен ауыстыр.
- Мақал – мәтелді қызыл түске ауыстыр.
№4
- Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
- Сөйлемді тер, бірінші жолды бас әріппен және өлшемі 18-қаріппен,
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау
- «Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау» жолын белгілеп, Қалың қаріп режимін қосыңдар.
- V. Сәйкестіндіру тестісі
- Әріптерді қисайтады
- әріптерді жуандатады
- Мәтіннің астын сызады
- әріптердің көлемін кішірейтеді, үлкейтеді
- мәтін ортаға теріледі
- сызғыш
- ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне қиып алу
- маркерленген тізім құрады
- VI. Сергіту сәті
«М» сөзжұмбағын дұрыс шешсеңіз мәтінмен жұмыс кезіндегі терминдермен кездесесіз
Е |
Ң |
З |
Е |
Р |
Ә |
Т |
І |
Н |
|
А |
Р |
К |
Е |
Р |
Е |
Н |
Ю |
|
Сұрақтар:
- Кірістіру нүктесі
- Word Pad ........... редакторы
- Тізім құрау батырмасы
- Редактордың негізгі командалары орналасқан жол
VII. Топ басшыларының қорытындысы. Бағалау.
VIIІ. Үйге тапсырма: 21, 22,23 оқып келу.