Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы
Форт-Шевченко қаласы Жалау Мыңбаев
атындағы мектеп-гимназиясының
информатика пәні мұғалімі
Икаева Улболсын Камидуллаевна
6 сынып
Сабақ тақырыбы: Кестелерді, суретті, бейнені және дыбысты кірістіру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Microsoft Power Point бағдарламасында кесте, сурет, бейне мен дыбыс кірістіруге түсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баулу. Олардың шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту;
Тәрбиелік:Оқушылардың ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Блум жүйесі
Сабақ түрі: аралас
Сабақ көрнекілігі: компьютерлер, үлестірме қағаздар, ұпай парақшалары, электронды тақта
Сабақтың өту барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- “Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап...” “Келесі” ойыны.
- “Білгенге маржан...” Жаңа тақырыпты түсіндіру. Негізгі ұғымдарды үйрету.
- “Талпынған бала талапты құстай...” Жаңа білімді қолдану. Практикалық тапсырмаларды орындау
- 5. “Ізденген жетер мұратқа...” Тест жұмысы
- Сабақтың қорытындысын әр оқушымен жекеше ойластыру.
- Үйге тапсырма беру.
- Бағалау.
Жүрісі:
- Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу. Оқушыларды 2 топқа бөлу.
- “Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап...” “Келесі” ойыны. Сұрақ бірінші партадағы оқушыдан бастап қойылады, егер жауабын білмесе, келесі дейді, сол кезде келесі оқушы орыннан тұрып жауап береді.
- Microsoft Power Point бағдарламасын қалай ашамыз?
- Microsoft Power Point бағдарламасында жаңа слайдты қалай қосамыз?
- Файлды- алғаш рет сақтау үшін қолданылатын команда.
- Microsoft Power Point бағдарламасында слайдтарды үлкен экранға шығару командасы қандай?
- Microsoft Power Point бағдарламасында демонстрация файлдарының кеңеймелері қандай болады?
- Презентация шаблонын қандай меню арқылы түрлендіре аламыз?
- Microsoft Power Point бағдарламасының терезе элементтері неден тұрады?
- Ойды, адамдармен өнімдерді , шикізат қызмет түрлерін ұсыну – бұл әрдайым …
- Презентация латын тілінен немесе ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді?
- Слайд дегеніміз-
“Білгенге маржан...” Жаңа тақырыпты түсіндіру. Негізгі ұғымдарды үйрету.
СamStudio бағдарламасында түсірілген бейне бойынша сабақ түсіндіру.
Кестені слайдқа енгізу:
Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) – Таблица (Кесте) – Вставить таблицу (Кесте кірістіру) командасын орындау.
Суретті слайдтқа енгізу :
Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) - Рисунок (Сурет) командасын шерту. Компьютерде бар суреттерді кірістіру үшін.
Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) - Клип командасын шерту. Power Point бағдарламасының суреттерін кірістур үшін.
Слайдтқа бейнені енгізу:
Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) – Фильм – Фильм из файла (Файлдағы фильм)
Слайдтқа дыбысты енгізу:
Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) – Звук (Дыбыс) – Звук из файла (Файлдағы дыбыс)
Компьютермен тапсырма орындар алдында ЕТК-гі ережелерді еске түсіру.
Екі топқа «Табиғат – тал бесігің» және «Мәдени мұра – халық игілігі » тақырыпта презентация жасап қорғау тапсырылады.
Әр топ өздері дайындаған шығармаларын қалай көркемдеп, безендіргендерін айтып береді.
Сергіту сәті: көз жаттығуларын жасау.
- 5. “Ізденген жетер мұратқа...” Тест жұмысы арқылы сабақты бекіту.
- Слайдты үлкен экран етіп қарауға мүмкіндік беретін перне:
А) F7
Ә) F5 +
Б) F1
В)F4
- Слайдқа бейне қою командасы:
А) Вставка - Рисунок
Ә) Вставка – Звук
Б) Вставка – Фильм +
В) Вставка – Клип
- Слайд бетіне суреттер, кестелер қою менюі (мәзірі):
А) Файл
Ә) Вставка +
Б) Показ слайдов
В) Дизайн
- Үлкен экраннан шығу пернесі:
А) Tab
Ә) Alt
Б) Delete
В) Esc +
6.Инсерт әдісі бойынша Не білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді? Сұрақтарына жауап іздеу. Сабақтың қорытындысын әр оқушымен жекеше ойластыру.
- Үйге тапсырма беру:
1) «Менің жанұям» тақырыбына презентация құру.
2) «Презентация» тақырыбына сөзжұмбақ.
- Бағалау.
Бағалау критерийі
10 ұпай және одан жоғары - «5»
7 - 9 ұпай - «4»
5 - 6 ұпай - «3»