7 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Paint графикалық редакторы бойынша білімді меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың ақпараттық – технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, тест, суретжұмбақ, электронды оқулық
Оқыту әдісі: іздендіру, проблемалық, практикалық, Б.Блум жүйесі
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабаққа дайындық, үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа материалды баяндау
- Жаңа сабақты бекіту, өткен
материалмен байланыстыру
- V. Қорытындылау
- Үйге тапсырма беру
VII. Бағалау
Оқыту әдісі - іздендіру, проблемалық, практикалық Б.Блум жүйесі
Б і л і м Жаңа сабаққа дайындық, ойларын тиянақтау мақсатында «Кім білімпаз?» және «Ия - жоқ» ойыны
Т ү с і н у Жаңа материалды баяндау
Қ о л д а н у Жаңа тақырып бойынша түсінгендерін практикада қолдану
Т а л д а у Жаңа материалмен өткен материалды байланыстыра отырып, тест тапсырмасын орындау
Ж и н а қ т а у Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында “информатикалық диктант” жазу
Б а ғ а л а у бүгінгі сабақ бойынша ойларын қорыту, сергіту мақсатында «Суретжұмбақ», «Сөзсызба» тапсырмалары
І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабаққа дайындық, үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын бекіту және қайталау үшін ойындар ойналады.
“Кім білімпаз?” ойыны (сұрақтарға жауап беру, әр жауап бір ұпай деп саналады)
- Редактордың терезе элементтері қандай?
- Түс палитрасы неше түстен тұрады?
- Қандай құралдар жиынынан тұрады?
- Құю құралының қызметі қандай?
- Кист (қылқалам) қандай құрал?
- Тік төртбұрыш салудың қандай түрлері бар?
- Меню жолы қандай командалардан тұрады?
«Иә - жоқ» ойыны
(Сұраққа дұрыс болса «иә», дұрыс емес болса «жоқ» деп жауап бересіздер. Берілген жауап дұрыс болса «1», дұрыс емес болса «0» деген жауап шығады)
- Paint графикалық редакторы сурет салу үшін қолданылады. 1
- батырмасы жаңа құжат құру үшін қолданылады. 0
- Салған суретімізді түгелімен кетіріп тастау үшін Рисунок - Очистить командасын қолданамыз. 1
- Бүріккіш құралы жазу жазуға қолданылады. 0
- Paint графикалық редакторында салынған суретті WordPad редакторына кірістіруге болады ма? 1
- Құю құралын шеңбер салу үшін қолданады. 0
- Сурет салуда көбіне қылқалам құралын пайдаланамыз. 1
ІІІ. Жаңа материалды баяндау
Жаңа сабақ тақырыбы: «Суреттерді құру, редакторлау, сақтау және ашу»
Оқушылар біз бүгін Paint графикалық редакторының командалары туралы өтеміз.
Егер бір жұмыстарын ойдағыдай болмаса, соңғы үш әрекетті әрқашан орындамауларыңа болады. Ол үшін Орындатпау командасын пайдаланамыз. Правка – Отменить командасын орындау соңғы әрекетті ғана орындатпайды. Ал оның алдындағы әрекетті болдырмау үшін Отменить командасын тағы бір рет пайдалану керек. Осы сияқты үшінші әрекетті де орындауға болады.
Егер сендер бір әрекетті орындатпай алып тастасаңдар немесе алдыңғы әрекетті қайталау қажет болса, онда оны Правка – Повторить командасын орындап, орындаудан алып тастаған әрекеттерді қайталауға болады. Оны үш рет қатар жасауға болады.
Салған суреттерді дискідегі файлда сақтаған жөн. кеңейтілуі .bmp. Суретті бірінші рет сақтап қою үшін Файл – Сахранить как командасын орындаймыз. Қайталап сақтағанда Файл – Сохранить командасын орындаймыз. Сурет алғашқы атымен сол файлда сақталады.
Суреттің үстіне мәтін салу үшін Надпись құралын таңдаймыз. Мауспен мәтін жазылатын төрт бұрышты жақтау салып мәтін жазамыз.
Paint құжатының кеңейтілімі bmp болып келеді. Мысалы: сурет. bmp
- Жаңа сабақты бекіту, өткен материалмен байланыстыру
1) “Кім тапқыр?” тапсырмасы
- Paint pедакторын іске қос.
- Жұмбақ мәтінін жаз және не жасырылғанын тауып суретін сал.
- Жұмбақ
Сауыттан мықты шапаны,
Жәндіктің нағыз шабаны.
- Жұмбақ
Өмірді өлшейді,
Ешкімнен сұрамай.
Тіліңді алмайды,
Тетігін бұрамай.
- Жұмбақ
Қабат – қабат қаттама,
Ақылын болса аттама.
2) Тест жұмысы
- Paint программасы қандай мақсатқа арналған? (сурет салуға)
- Paint редакторы қандай программалар қатарына жатады? (стандартты)
- Paint –ты іске қосу командасы (Пуск - Программы – Стандартные - Paint)
- Сонғы әрекеттерді қайтару командасы (түзету – қайталау)
- Paint құжатының кеңейтілімі қандай ? (bmp)
- Paint – та жазу жазу құралы
- Меңзердің оң жағындағы символды өшіру пернесі (DELETE)
- Paint редакторының терезе элементтерінен қатесін көрсет (Пішімдеу құралдары)
- Дискіде сақтаулы суретті ашу командасы (Файл – Открыть)
- Бұлт, қар суреттері суреттерін салуда қандай құралды қолданамыз? (Бүріккіш)
3) Информатикалық диктант
Дискіде сақтаулы құжатты ашу үшін Файл – Открыть командасын орындаймыз.
Правка – Повторить командасын орындап, орындаудан алып тастаған әрекеттерді .қайтаруға болады.
Суретті бірінші рет сақтап қою үшін Файл – Сохранить как как командасын орындаймыз.
Жаңа құжат жасау үшін Файл – Создать командасын орындаймыз.
Правка – Отменить командасын орындау соңғы әрекетті ғана орындатпайды.
Қайталап сақтағанда Файл – Сохранить командасын орындаймыз.
- Қорытындылау
Бүгінгі сабақ бойынша ойларын қорыту, сергіту мақсатында оқушылар
«Суретжұмбақ», «Сиқырлы пернелер», «Сөзжасам» шешеді.
Сергітпе тапсырмалар:
5) « С у р е т т і ж ұ м б а қ» шешу
6) « Сөзсызба »
Сөзсызбадан бүгінгі өткен тақырыптың терминдерин оқи аласыңдар.
- VI. Үйге тапсырма беру
Уй тапсырмасы: Окулықтағы 4.3 - тақырып
Суретжұмбақ құрастыру (Редакторлық командалар бойынша)
VII. Бағалау
Бағалау критерийі
10 ұпай және одан жоғары - “5”
8 - 9 ұпай - “4”
5 - 7 ұпай -3