Тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік процессоры.
Сабақ мақсаты: а) Мәтіндік құжаттарды кластарға бөлумен және оларды компьютерде өңдеу технологиясымен оқушыларды таныстыру. Мәтіндік процессормен жұмысты ұғындыру.
Б) Мәтін түрлерін, мәтіндік құжатты, мәтіндік редакторды, мәтінді өңдеу жолдары туралы түсінік беру.
В) Мәтіндік ақпараттарды компьютерде өңдеу артықшылықтарын түсіндіріп, оқушылардың компьюттерлік сауаттылықтарын арттыру.
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық,
Сабақ түрі: Дәстүрлі.
Сабақ әдісі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі көрнекіліктер
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып тыныштығы мен тазалығын қадағалап, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
- Модель дегеніміз не?
- Модельдеу дегеніміз не?
- Модельдің жіктелуі, түрлерін ата?
- Ақпараттың модель дегеніміз не?
- Компьютерлік модель дегеніміз не?
ІІІ. Үш артық сөз:
Модель, модельдеу, мәтін, процессор, ақпарат, компьютер, MS Word, Paint, cурет салу, алгоритм.
Үш артық сөз: мәтін, процессор, MS Word.
ІІІ. Жаңа білімді игерту.
Жазабаша түрде ең жиі кездесетін тапсырмаларды атап өтіңіздер. Енді, осы жазба жұмыстарын іске асыру үшін қандай құралдарды қолданамыз?
Мысалы, қарындаш, қалам, жазу машинасы, яғни бұл құралдарды жазуда қолданамыз.
Сондай-ақ жазуға қажетті құрал мәтіндік процессоры бар компьютер. Мәтінді қазіргі кезде компьютермен өңдейді. Себебі компьютердің мәтінмен жұмыс жасаудағы мынадай артықшылықтары бар:
- Мәтіндік ақпараттарды өзгерту, көбейту және көшірудің жеңілдігі.
- Ақпаратты ұзақ уақыт сақтауы.
Енді мәтін, мәтіндік құжат, мәтіннің құрылымы, мәтіндік файл, мәтіндік редактор ұғымдарымен танысып алайық.
Мынадай сұраққа жауап беріңіздер. Мәтін деген сөзді қалай түсінесіңдер? Мәтін – компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегі. Компьютерлік алфавитте 256 символ болады. Мәтін сонымен бірге табиғи тілдердің (орыс, қазақ және т.б.) бірінің симводарынан, сондай-ақ математикалық, физикалық формулалардан, сандық кестелерден және т.с.с. құрылуы мүмкін.
Мәтіндік редактор көмегімен жасалған файл мәтіндік құжат деп аталады. Ол алфавиттік-цифрлық символдарды, графикалық обьектілерді және мәтінді пішімдеу туралы басқарушы ақпаратты қамтуы мүмкін.
Мәтіндік құжаттарды магниттік дискіде құруға, өңдеуге, құжат пішімін өзгертуге мүмкіндік беретін қолданбалы программа мәтіндік редактор деп аталады. Мүмкіндігі үлкен мәтіндік редакторды мәтіндік процессор деп атайды.
Мәтіндік құжаттардың құрамында негізінен мәтіннің үш түрін ажыратуға болады: кәдімгі мәтін, кестелік мәтін, программалық мәтін. Бірақ мәтіндік құжаттарда мәттіндік файлдарға жатпайтын және енгізілген обьектілер деп аталатын басқа да обьектілер: сурет, график, электрондық кесте, фотосуреттер болуы мүмкін.
Мәтіндік процессорды іске қосу үшін: Іске қосу – Бағдарламалар – MS Office – MS Word командасын орындау керек. (Слайд терезе).
Терезе мынадай элементтерден тұрады: Тақырып жолы, Мәзір жолы, Стандартты үстел, Пішімдеу үстелі, Сызғыш, Күй жолағы, Тапсырмалар аймағы, Айналдыру жолағы.
ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ